• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Наурыз, 2021

Алматыдағы ұшақ апаты

475 рет
көрсетілді

13 наурыз күні Алматының іргесіндегі Қызылту ауылының маңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің АН-26 әскери ұшағы құлады.

Осындай жайсыз хабарды естіген бетте аталмыш ведомство өкілдерімен хабарластық. Олар: Сағат 17:20 шамасында әуежайға қонайын деп жатқан Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақпен байланыс үзілді. Алдын ала мәлімет бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  АН-26 ұшағы құлаған. Әуе кемесінің бортында 6 адам болған», деп мәлімдеді.

Кейіннен белгілі болғандай төрт адам сол жерде қаза тапты. Олар – майор Ғабит Барлықбаев (1987 жылы туған), аға лейтенант Досжан Бай­мұратов (1978 жылы), лейтенант Мұхтар Сағынбаев (1995 жылы) және сержант Евгений Васильков (1986 жылы). Тағы екі адам Алматыдағы №4 қа­лалық ауруханаға жеткізілді. Дәрі­гер­лердің айтуынша, олардың жағдайы өте ауыр.

Оқиға орнында Алматы қаласы мен облысы төтенше жағдайлар департа­менттері, әуежай қызметі, ҚР ТЖМ РЖҚЖ, 109 құтқару қызметінен 45 адам, 15 бірлік техника жұмыс істеді. Апат болған жерде өрт шығып, ұшақтың жануы сол күні сағат 18.02-де тоқтатылды.

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев құ­зыр­лы органдарға Алматы ма­ңында болған ұшақ апатының себеп­терін анықтауды тап­сырды. «Алматы әуежай­ын­да апат­қа ұшыраған ұшақта қаза болған әс­кери қызметкерлердің туыстары мен жа­қын­дарына көңіл айтамын. Жа­рақат алған­дардың тезірек сауы­ғып кетуін тілеймін. Менің тап­сыр­мам бойын­ша әуе апатының себеп­терін анықтау жұ­мыс­тары басталды. Мұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», деп мәлімдеді Мем­лекет басшысы. 

 

АЛМАТЫ