Моңғолияның тоғыз аймағында 548 шопан құмды дауылдың салдарынан хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәлім етті, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазір олардың 467-сі табылған, ал бес шопан мен бес жасар бала қаза тапты. Құтқару жұмыстарын жеке құрам ұйымдастыруда. Жоғалып кеткен 81 шопанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.