• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Наурыз, 2021

Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті

628 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі 15 наурыздағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі мәліметке сәйкес еліміздің екі мегаполисі, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, әлі де «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймаққа Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары кірген. Кеше «сары» аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «жасыл» аймаққа өтті.

Еліміздің қалған өңірлері «жасыл» аймақта тұр. Жалпы матрицаға сәйкес Қазақстан «сары» аймақта орналасқан.