• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 16 Наурыз, 2021

ЕАЭО елдеріндегі темекі өнімдеріне акциздердің индикативті ставкасы талқыланды

176 рет
көрсетілді

Бүгін Сенатта «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Келісімді ратификациялау ЕАЭО мүшелерінің аумағында темекі акциздеріне салық салуды қолданудың бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз ететіндігі айтылды.

Құжат 2024 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздердің индикативті мөлшерлемесін қолдануды көздейді.

Талқылау қорытындысы бойынша құжатты Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.