• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2021

Тезге сынбаған, рухын шыңдаған

280 рет
көрсетілді

Қызылордалық Олжас Ақсейітов мемлекеттен қолдау тауып, жас кәсіпкерлердің қатарына қосылды. Мүмкіндігі шектеулі жас пейнтбол спорт орталығын ашып, замандастарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауда.

Осыдан 8 жыл бұрын жұмыс барысында оқыс оқиғаға килігіп, мойын омыртқасынан зақым алған ол бірінші топ мүгедегі атанған. Алайда, тағдыр тезіне мойымаған жас хоббиын қолға алып, өз мақсатына жетті.

Жас кәсіпкер 2020 жылы спорт орталығын ашу үшін  «Бизнес-Мектеп» құралы бойынша оқу курсынан өтті. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Спорт клубтарының қызметі» жобасы бойынша 2 млн теңгенің грантын жеңіп алған.

Спорт орталығында келуші жастар пейнтбол экстремалды  ойынымен айналысады. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жаңа орталық жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруда.