• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Наурыз, 2021

Үстел теннисшілеріміз ұтылды

176 рет
көрсетілді

Катардың бас шаһары – Дохада үстел теннисінен биыл Токиода алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарының іріктеу турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парсы шығанағында өткен жарысқа әлемнің ең мықты деген ойыншыларының түгелге дерлігі қатысты. Ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, барлығы 141 спортшы бақ сынады. Өкінішке қарай, Қазақстанның бірде-бір өкілі жолдаманы иеленбек тұрмақ, алғашқы айналымнан да аса алмады. Осы додадағы басты үмітіміз Кирилл Герасименко еді. Бірқатар халықаралық жарыстарда табысты өне көрсетіп, әлемдік рейтингте «ТОП-50» үстел теннисшілерінің қатарына еніп отырған жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде үздіктер тізімінде 93 орында тұрған Любомир Япчарикке 2:4 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, Айдос Кенжеғұлов люксембургтық Эрик Клодқа, Зәуреш Ақашева уэльстік Шарлотт Кэриге және Анастасия Лаврова италиялық  Дебора Вивареллиге жол берді. Бұл бәсекелердің барлығында 0:4 есебі тіркелді.