• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Наурыз, 2021

Дубайдағы додада Александр Бублик те ұтылды

185 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында өтіп жатқан  жүлде қоры 2 048 855 АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілер сәтсіз өнер көрсетті.  

Өзінің тұсаукесер кездесуінде әлемдік рейтингте 64-орында тұрған жапониялық Йосихито Нисиокодан айласын асырған 23 жастағы Александр Бублик екінші кезеңде италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасты. Апеннин түбегінің өкілі небары 19 жаста болғанына қарамастан қырағы мамандардың назарын өзіне аударып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Былтыр ол Ролан Гарроста ширек финалға дейін жетіп, көрермендердің көзайымына айналды. Қазіргі кезде Синнер АТР тізімінде 32 орынды иеленуде. 2 сағат 02 минутқа созылған кеуара тартыста жерлесіміз 6:2, 6:7, 4:6 есебімен ұтылып қалды.  

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы Дубайда Михаил Кукушкиннің алғашқы айналымда әлемнің 39-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффқа жол берген еді. Есеп – 3:6, 2:6.