• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Пікір 17 Наурыз, 2021

Мәселеге кеңінен қарау керек

176 рет
көрсетілді

Жалпы «жауапкершілік принципі» деген ұғым бар. Әр адамның жауапкершілігі әртүрлі. Ал саяси жауапкершіліктің ауқымы кең, ауыртпалығы да көп.

Мәселеге осы тұрғыдан келсек, көтеріп отырған проблемаға жеңіл-желпі қарамаған жөн. Себебі біз кейде абсолютті мәселенің өзін абсурдқа айналдырып жібереміз. Заңда өзіне тікелей бағынысты қызметкері жемқорлыққа қатысты болғаны дәлелденсе, басшысы да жазасыз қалмауы керек екені айтылады. Бірақ басшының барлығы қарамағындағы қызметкерлерінің не істеп, не бүлдіріп жүргенінен хабардар болуы мүмкін емес қой?! Кейде тіпті бір отбасындағы адамдардың өздері бір-бірінің не істеп жүргендерін білмейтін кездер болады. «Таяқтың бір ұшы маған да тиеді» деген «қорғаныштың» соңы әкімдердің әрбір орынбасарының артынан шам алып түсуіне дейін жеткізуі әбден мүмкін. Оның үстіне қол астындағылардың қылмысы үшін басшылардың барлығын жаппай жазалай берсек, ертең жұмыс істейтін адам қалмайды. Мемлекеттік қызметке баратындардың үлес салмағы онсыз да мардымсыз. Мысалы, елімізде біраз жылдан бері әкімінің орынбасары жоқ ауылдар бар. Біз әр мәселеге кеңінен қараудан айырылып барамыз. Заңға енгізілген бұл талапқа да біржақты қарамау керек. Әр фактіні жеке саралап, барлық мәселені ескере отырып шешім қабылдаған жөн. Ал егер сыбайлас жемқорлыққа басшының да қатысы болса, онда мәселе басқа. Мұндай жағдайда кез келген басшы қызметінен кетуге тиіс.

 

Айдос САРЫМ,

Парламент Мәжілісінің депутаты