Биыл қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай 5 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн, яғни, 21-23 наурыз күндері демалатын. Биыл 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Сондықтан биыл қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.