• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Наурыз, 2021

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталықтары кәсіп бастауға жетелейді

296 рет
көрсетілді

Бүгін «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зүлфия Байсақова мен қалалық «Бақытты отбасы» орталығының үйлестірушісі Әсем Байділданова баспасөз брифингін өткізіліп, көп балалы және көмекке мұқтаж отбасыларына көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінгі таңда «Бақытты Отбасы» орталығының базасында әрбір ауданда «ISKER ANA» бағдарламасы жүзеге асырылуда. «ISKER ANA» бағдарламасымен көп балалы аналарға тіркеу, заңгерлік және психологиялық көмектен бастап кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарға, бизнес-жоспар құруға, өз бизнесін ашуға, грант немесе микрокредит алуға дейін қадамдық жұмыс ұсынылады.

Биылғы көп балалы және аз қамтылған отбасыларды жұмысқа орналастырып, өз бизнесін дамыту мақсатында демеушілер арқылы Әуезов ауданында тоқыма және азық-түлік өнімдерін қолдан сату үшін 4 сауда нүктесі, атап айтқанда, «Тигрохауд», «Арыстан» сауда үйлерінде, «Сары-Арқа» және «Арыстан» базарларында азық-түлік нүктесі ашылды. Алмалы ауданында «Әлеуметтік тігін цехы» (Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 135) өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданында көпбалалы аналардың қолдан жасаған тауарларын сататын «Іскер Ана» сауда үйі (Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 263) ашылды. Сауда үйінде заманауи стильдегі ұлттық костюмдер, құрақ-көрпе, ұлттық нақыштағы әшекейлер, әйелдерге арналған киімдер сатылымға қойылды, сондай-ақ киімдерді өңдеу және жөндеу бойынша қызмет көрсету көзделген.

Зүлфия Байсақова «Бақытты отбасы» орталығының арқасында мыңға жуық жұмыс орны ашылғанын атап өтті.