• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2021

«Бақытты отбасы» орталықтарында әкелер қандай кәсіп меңгере алады?

1435 рет
көрсетілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қолдау шаралары туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Біздегі әкелер «Бақытты отбасы» орталығына жиі келеді. Олар жұмыс іздейді, мысалы, массаж жасау, заңгер курстарына қатысады, балаларын психологқа апарады. «Бастау бизнес», «Қолдау» курстарынан дәріс алады. «Бақытты отбасы» орталығында биыл ер-азаматтар үшін барбершоп курсы өтуде», деді «Бақытты отбасы» қалалық орталығының жетекшісі Зүлфия Байсақова.

«Егер пайыздық арақатынаста айтар болсақ, 10 әйелге 1 ер адамнан келеді екен», дейді «Бақытты отбасы» қалалық орталығының басшысы Зүлфия Байсақова.

«Біз бұл жылды жақсы бастадық, мысалы шаштараз болуға сұраныс көп, 10 адамнан тұратын топтарды тез жинадық», деді ол.

Қалалық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі курсқа қатысушылар оны бітірген соң алған білімдерін қосымша табыс табу үшін пайдаланатынын түсіндірді.

Еске салсақ, Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында қомақты шаралар жүзеге асты. Қаланың әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда қалада 9 орталық жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда бұл әлеуметтік қолдаудың құқықтық, психологиялық кеңес беру ғана емес, мәселелерді шешудің тұтас кешенін ұсына отырып, отбасын жүргізу. Атап айтқанда, тұрғын үйге кезекке тұруға көмек көрсету, АӘК алу, өз балаларының денсаулық жағдайын қарау мүмкіндігі және т.б.

Мұндай кешенді тәсіл отбасы проблемаларын толық шешуге және біздің мамандардың кеңесі арқылы қиын өмірлік жағдайлардан қалай шығу керектігін көрсетіп, гранттар көмегімен бизнесті дамыту, жеке кәсіпкерлік нысанында бизнес ашу, ішінара жұмыспен үйде жұмыс істеу мүмкіндігі туралы консультациялары арқылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ең бастысы, бұл орталықтар бүгінгі таңда іс жүзінде көмек көрсете отырып, шағын аудандардың тұрғындары келіп, мәселелері шешілетін орталықтарға айналды», деп толықтырды Зүлфия Байсақова.