Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қызылорда қаласындағы бұрынғы «Саяхат 11» көшесіне «Қазақ радиосы көшесі» атауын беру туралы тарихи шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі шықты.
Қазақ радиосы шежіресінің Қызылорда қаласының тарихына қатысты тұстары көп. Ұлттың үнжариясы 1925 жылдары еліміздің сол кездегі астанасы Ақмешіттен әуе толқынына шыққан.
Облыс орталығындағы «Қазақ радиосы көшесінің» ұзындығы – 400 метр.