Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары салығы бойынша алдағы төлемдерді алғаш рет төлеу мерзіміне дейін «E-Salyq-Azamat» тегін мобильді қосымшасына жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті алдағы төлемдері жіберу облыстар бойынша кезең-кезеңмен 18 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жіберілетінін хабарлады.
Сондай-ақ МКК-де 2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелгенін ескертті.
2020 жылға арналған көлік құралдарына есептелген салық «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылатын болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды МКК «E-Salyq-Azamat» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.
Мобильді қосымшаға кіру үшін деректердің қауіпсіздігі мақсатында ұялы телефонның нөмірін мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) сіздің ЖСН-де тіркелуі қажет.
Жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.
МКК порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, «электрондық үкімет» порталында (eGov.kz), банктердің мобильді қосымшаларында (Kaspi.kz, Homebank) деректерді алу мүмкіндігі асырылған.
Бұл ретте, МКК мобильді қосымшаларының және банктердің алдағы төлемдер сервисінде көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.
Сонымен бірге көлік құралдары салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.
Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: Екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.
Анықтамалық ақпаратты алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.
Салық берешегін «e-Salyq-Azamat» мобильдік МКК «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде тексеруге болатындығын атап өтеміз.