• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2021

Мектеп кітапханашыларының жалақысы артады

1604 рет
көрсетілді

Былтырдан бастап педагогтердің, мәдениет қыз­меткерлері ретінде облыстық, қалалық кітапханалар кітапханашыларының жалақысы көбейді. Осыдан кейін екі санатқа да жатқызылмай, әлеуметтік мәр­тебесі анықталмай келген мектеп кітапханашылары жайнайқайын жеткізді. Олардың үні тиісті орындарға жеткен сыңайлы. Себебі биыл мектеп кітапханашыларының жалақысын арттыру мәселесі шешімін таппақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақында өткен министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Қосымша білімнің бала өмі­рінде, оның адам, маман болып қалыптасуында рөлі зор. Бұл туралы біз бас басылым бетіне «Көлеңкеде қал­ған қосымша білім» деген тақырыппен шыққан көлемді материалымызда кеңірек жаз­ғанбыз. Білім және ғылым ми­нистр­лігінің алқа отырысында қосымша білімде атқарылған істер мен алдағы міндеттер туралы айтылды.

«Жақында қабылданған заң­ шеңберінде қосымша бі­лім алуға кең мүмкіндік беру үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Бұл да конкурс негізінде өтеді. Жекеменшік ұйымдарға ор­наластырылғаннан кейін қосымша біліммен қамту дең­гейін әлдеқайда ұлғай­ту­ға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Қосымша білім беру ұйым­дарын дамыту бойынша кейбір өңірде біріктіру, оң­тай­ландыру, жабу бойынша бастамалар орын алып жатыр. Мұндай бастамаларды тоқтатып, бұл ұйымдарды жап­пай дамытуымыз керек», деді министр.

PISA – Білім алушылардың жетістігін халықаралық ба­ғалау бағдарламасының нә­тижелері қазақстандық ба­лалардың оқу сауаттылығы тым төмендеп кеткенін көрсетті. Оқушылардың сауат­тылығын арттыруда көркем әдебиет кітаптарын оқудың орны ерек. Ал олардың мек­тепте кітап оқуға деген қы­зығушылығын оятатын ма­ман­дар елеусіз қалып келді. Осыған дейін біз «Мектеп кітапханашыларының міндеті неге нақтыланбаған?» атты проб­лемалық мақаламызда 4 жыл педа­гогикалық оқу орнында оқып маманданған, 20 жылдан бері мектепте балалардың зейінін ашу­мен айналысып жүрген кәсіп иесінің жарымайтын жа­лақыға жұмыс істеп жүр­­­генін жазғанбыз. Биыл бұл түйткілдің түйіні тар­қа­тыл­мақ. Мәселе түбегейлі ше­шілмегенімен, сең қозғалды деуге болады. Ведомство бас­шысы А.Аймағамбетов атал­ған мәселеге қатысты:  «Қазіргі уақытта «Оқуға құш­­тар мектеп» жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мектептегі кітапханалар қо­рында мемлекеттік тілдегі көр­кем әдебиетті айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Сон­дықтан мұндай мәселені біз биыл ше­шуіміз керек. Осы ретте біз­дің кітапханада іс­тейтін әріп­тестеріміз – кі­тап­­­хана­­шылар­дың жалақы­сын көтеру мәселесі де өте өзекті. Бұл бойынша Мем­лекет басшысы тиісті тап­сыр­маны берген болатын. Сон­дықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз», деді.