• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2021

Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа қайта енді

118 рет
көрсетілді

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Айта кетейік, 16-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді. 18 наурызда Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа өтті.

Матрицаға сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.