• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2021

Елордада Ashyq қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер көбейді

145 рет
көрсетілді

Бүгінде елордада Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 57-ге дейін жетті. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиялық ахуал бойынша «қызыл» аймаққа енгендіктен мобильді қосымшамен жұмыс істейтін мекемелердің саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген Ashyq мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Мекемеге кірер кезде және шығар сәтте QR-кодтар белгіленеді. Осы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе тасымалдаушы еместігі туралы мәртебесі анықталады.

Қазір қосымшаны фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар мен сауналар пайдаланады.

Кәсіпкерлер үшін жобаның артықшылығы — оның аясында жұмыс істей отырып, қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.

Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:

–– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;

– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;

– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;

– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін Ashyq жобасына қатысушылардың тізімімен қала әкімдігінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.