• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 20 Наурыз, 2021

Қызықты мәліметтер

2858 рет
көрсетілді

- Бір минут ішінде жүзге жуық күйсеген сиырдың қимылы қоянның қимылымен бірдей екен.

- Бұқаға қызыл түс мүлдем әсер етпейді, бұқа қызыл матаға шаппайды. Бұл жануар түсті мүлдем айыра алмайды. Әлгі то­реадорға шабатын себебі, өйт­­­кені ол бұқаны шапшаң қи­мылдарымен әдейі ашуландырады екен.

- Сауын сиыр өз өмірінде орташа алғанда 200 мың стақан сүт береді. Әлемдегі ең ірі сиырдың салмағы 2,25 тонна.

- Сиырлар адам немесе дельфин секілді жылау қасиетін меңгерген, яғни көзінен жас ағып жылайды.

- Жер бетінде ең жиі кездесе­тін сүтқоректілер – адамдар, бірақ сиырлар осы санатта екінші орында.

- Сиырдың жеген нәрсесі оның кейін қандай сүт беретініне тікелей байланысты, яғни не берсең, соны сауып аласың.

- Сиырлар орташа алғанда 20 жылдай өмір сүреді. Бірақ одан көп өмір сүретіндері де жоқ емес. Ал бұқалар азырақ – 15 жылдай.

- Әлемде тіршілік ететін сиыр­лардың жалпы салмағы бүкіл адам­дардың салмағынан үш есе артық.

- Сиырлар қоршаған ортаға автомобильдерге қарағанда көбірек зиян тигізеді. Оның көңі мен ішектен шығаратын газы ғаламшарымызға шамамен 18% үлес жылыжай әсерін қосады.

- Зоологтардың айтуынша, бұл тіршілік иелері 11 түрлі ин­тонациямен мөңірей алады. Сиыр ғаламшарымыздың магнит өрі­сінің сызықтары бойында орналасып жатып тынығады. Иә, сиырлар бізге қарағанда, ондайды жақсы сезінеді.

- Куба елінде сиырды өлтірген адам өлтіргеннен де ауыр жазаға тартылады.

- Көптеген халық арасында айналымда ақша пайда болғанға дейін сиыр валютаның бір түрі және жалпы алғанда, басқа мате­риал­­дық құндылық  өлшемі бол­ған.

- Бір табын сиыр, шамамен елу сиыр делік, тәулігіне бір тонна сүт береді.

- Сиырға ат қоюға болады, өйткені ол атын есіне сақтап, дауыстап атағанда елеңдеп, мысалы, ит сияқты байланыс орната алады.

- Сиыр өзі жақсы көретін адам­ды тілімен жалағанды ұна­та­ды. Сиырдың көру қабілеті ба­рынша жақсы, ол қожайынын танып, түрін есіне сақтай алады.

 

Дайындаған

Әкім ҚОЖАҰЛЫ