Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында карантин шаралары күшейтілді. 2021 жылдың 21-28 наурыз аралығына дейін жаңа қаулы қабылданды.
Бекшиннің айтуынша, қалада мутацияға ұшыраған коронавирус анықталған. Бұл туралы ДСМ басшысы Алексей Цой мәлімдеген.
«Мутацияға ұшыраған вирустың бұрынғы вирустан қауіптілігі 7 %-ға көп. Қалада жұғу көрсеткіші 70%-ға көтерілді», дейді қаланың бас санитар дәрігері.
Алматы қаласында 2021 жылдың 21-28-шi наурызы аралығында коронавирусты инфекцияның алдын алу жөніндегі ic-шараларды күшейту туралы қаулы: