• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2021

Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті

785 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті.

«Қайран біздің Дүраға, сізге де уақыт келгені ме? Өзінен кейінгілерге білетін ақылын айтудан жалықпайтын, жаны жайсаң жан еді. Пейілінде қылаудай кіршік жоқ таза адам еді. Баладай аңғал Дүрағамен «Халық сөзі» газетінде, сосын ЕҰУ-да бірге қызмет еттік. Отбасы мен туыстарына, достарына көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын!», деп жазды журналист Бейбіт Тоқтарбай facebook парақшасында.   Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке танымал, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996).   Қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. «Халық сөзі» газетінде жұмыс істеді. «Спорт» газетінің бас редакторы болды.