Қостанай қаласының орталық алаңынан «Тарих керуені» атты театрландырылған мерекелік шеру жүріп өтті.
Мерекелік шеруді салт ат мінген Тәуке хан, Абылай хан, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы бейнесіндегіжергілікті әртістер бастап жүрді. Сән-салтанатқа толы қырдағы ауыл көшінің көрінісі де қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды. Қыдыр ата қала тұрғындарына Наурыз бата беріп, қала тұрғындарына ырыс пен татулық тіледі.
Қостанай облысы