Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Келіссөздер барысында Қазақстанға «Спутник V»коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар кездесуде COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.⠀«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш – жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», деп атап өтті Асқар Мамин