• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Наурыз, 2021

Алматыда телемедицина және жедел жәрдем қызметі оңтайландырылды

303 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19 жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету және олардың жағдайын бақылау алгоритмін іске асыруды қамтамасыз ететін бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жұмыс сапары барысында Жедел медициналық жәрдем стансасының қызметіне, Телемедицина орталығына, сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау жүйесінің штабына барды. Медициналық мекемелердің қызметкерлерімен ағымдағы жұмыс, сондай-ақ Алматы қаласындағы эпидемиялық ахуал одан әрі ушыққан жағдайда жұмысты күшейтуге дайындық мәселелері талқыланды.

Телемедицина орталығында әкімнің орынбасары COVID-19 ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерге кеңес беру және мониторинг жүргізу жұмыстарымен танысты. Операторлар пациенттің жағдайын бағалайды, емдеуді тағайындайды және науқастың электрондық картасына өзгерістер енгізеді. Орталық өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда орталық үй карантиніндегі ауру белгілері жоқ және ауруы жеңіл науқастарға 2500-ге жуық науқасқа қызмет көрсетеді. Осы мақсатта мұнда 54 дәрігер жұмыс істейді. Орталық дәрігерлері пациенттермен тәулік бойы байланыста. Мамандар таңертең жұмыстары үй стационарындағы пациенттерге қоңырау шалудан басталады. Жағдайы нашарлаған жағдайда науқастарға жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жатқызылады», деді Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали. Сонымен қатар, қалада 200-ден астам мобильді топтар жұмыс істейді, олар пациенттердің жағдайын және үйде емделуін қадағалайды.

Сондай-ақ Ержан Бабақұмаров №6 жедел жәрдем қосалқы станциясының жұмысымен танысты.

Коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңіндегі жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қалада жедел медициналық көмек қызметінің материалдық-техникалық базасы тұрақты жақсаруда. Бұған дейін қала әкімдігі жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркіне 50 жаңа Hyundai – Н 350 BUS Ambulance автокөлігін берген болатын. Жаңа машиналар сол жерде медициналық көмек көрсетуге және уақтылы емдеуге жатқызуға қажетті заманауи, портативті жабдықтармен, оның ішінде реанимациялық, дефибрилляторлармен, электрокардиографтармен, ӨЖЖ аппараттарымен және басқа да қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жалпы, өткен жылы Жедел жәрдем қызметінің автопаркі шамамен 70%-ға жаңартылды.

«Пандемиямен күресте жедел жәрдем үлкен рөл атқарады. Сіздер науқастарға барасыз және барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бірінші кезекте өзіңізді қорғауларыңыз керек. Қала барлық қажетті заттармен материалдық қамтамасыз етілді», деп атап өтті Ержан Бабақұмаров және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан жедел жәрдем қызметкерлеріне ауыр еңбектері үшін алғыс айтты.

Жедел жәрдем машиналарының эпидемияға қарсы және дезинфекциялық режимдерін қатаң сақтау қажеттілігіне басшылықтың ерекше назары аударылды.

Сонымен қатар, Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасының штаб-пәтерінде болып, ол жерде бекітілген медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қаланың Қоғамдық даму басқармасына бірқатар нақты тапсырма берілді.