• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Наурыз, 2021

Тәжікстанда індетке қарсы вакциналау басталды

216 рет
көрсетілді

Бүгін ел астанасының емханаларында індетке қарсы вакциналауды  бастауға арналған ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды 

Тәжікстанда 22 наурыздан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау кезең-кезеңмен басталған.

Елдің денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне белгілі бір кезең ішінде республика тұрғындарын коронавирусқа қарсы иммундау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу әрі бекіту тапсырылған. Сонымен қатар министрлікке коронавирусқа қарсы препараттарды елдің барлық медицина мекемелеріне дер уақытында жеткізу жүктеліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы Тәжікстанға 8 наурызда жеткізілді. Жалпы, елде 5,8 млн адам екпе алмақшы.