Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша 6 сағат 04 мин 33 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген», делінген хабарламада.