• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2021

Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңызы бар жолдар реконструкцияланды

84 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 13,4 мың шақырымға жуығы салынып, реконструкцияланды, деп хабарлайды Еgemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Каналдағы ақпараттарға қарағанда, жүргізілген жол жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар тас жолдардың магистральдық желісіндегі бұзылған учаскелерін, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты алты негізгі халықаралық транзиттік дәлізді қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, бұл жылдары учаскелердің жалпы көлік үшін пайдалану жағдайы айтарлықтай жақсартылды. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 96,8 мың шақырымды құрайды. 1991 жылы бұл көрсеткіш 86 мың шақырымды құраған болатын.