• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2021

Ұлыбританиялықтарға шетелде демалуға тыйым салынды

673 рет
көрсетілді

Ұлыбритания үкіметі індеттің жаппай таралуына байланысты ел тұрғындарына 29 наурыздан бастап шетелде демалуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Жаңа талапқа сәйкес тұрғындар ел аумағынан себепсіз шыға алмайды. Енді азаматтар Еуропаға тек жұмыс, оқу, заңды міндеттемелер үшін, көшу немесе үйлену тойына бара алады және біреу қайтыс болған жағдайда ғана баруға рұқсат етіледі.

Талапты орындамаған азаматтарға бес мың фунт стерлинг (шамамен 2,9 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Тұрғындар елден шығар алдында сапардың себебін көрсетіп, сауалнама толтырады. Оны толтырудан бас тартқандарға 200 фунт стерлинг (116 мың теңге) айыппұл салынады.

Егер билік шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім шығармаса, Ұлыбританияда бұл тыйым 30 маусымға дейін сақталады. Алайда жаңа талап Норман аралдарына, Мэн аралына немесе Ирландияға баратындарға әсер етпейді.