Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы қызметіне Азамат Рысжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов басқарма басшысын ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Азамат Жақыпбекұлы 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, құқық магистрі. Е.Букетов атындағы ҚарМУ және АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқыған.
Алғашқы еңбек жолы Әділет министрлігіндегі басқармаларда сарапшы болудан басталған. Кейіннен бас сарапшы, басқарма басшысы, директор орынбасары, министрдің кеңесшісі, Шымкент қаласы бойынша әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің консультанты, бас сарапшысы болған. 2020 жылдан бүгінге дейін Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етіп келген.