Қазақстандық Михаил Кукушкин Майами ATP 1000 турнирін жеңіспен ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемнің 105-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 316-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Дрэйпермен өткізді.
Алғашқы партияда қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аудара білді - 7:5.
Бұдан кейін ұлыбританиялық спортшы 1 сағат 15 минутқа созылған бәсекені жалғастырудан бас тартты.
М.Кукушкин жалпы жүлде қоры 3,64 млн АҚШ долларына бағаланған жарыстың екінші айналымында әлемнің 27-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен күш сынасады. А.Карацевтің биылғы қарқыны өте күшті. Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен ол жуырда Дубай турнирінің жеңімпазы атанды. Соның нәтижесінде рейтингте 27-орынға көтерілді.