• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 26 Наурыз, 2021

Жер пайдасын толық көре алмай отырмыз

349 рет
көрсетілді

Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жердің шетелдіктерге жалға да берілмей, сатылмайтыны туралы шешімін атап өтпеске болмас. Бұл халықтың көптен күткен шешімі еді. Бәріміз бір адамдай осыны қаладық.

Бізге қазір бос сөз емес, нақты іс керегін түсінуіміз керек. Келелі пікірлерге кө­ңіл бөлген орынды.

Ең маңыздысы – негіз­гі бағыттан айнымай, ел­дің игілігін мақсат етіп дұ­рыс заң қабылдап, заң­ға оңтайлы, халықтың үдесінен шығатын өзгеріс енгізуге атсалысу маңызды.

Шыны керек, Қазақс­тан­да жерді өз ретімен қол­дану ісінде кемшіліктер бар. Солардың барлығы уа­­қыт талабы­на сай рет­телу­ге тиіс. Жерді ауыл ­шар­­уа­­шы­лы­ғына­ пайда­лану­шы­лар­дың әле­уе­тін көтеруге көңіл бөлу қа­жет. Біз ұлан-байтақ же­рі­­­міздің әле­уе­тін өз дең­гейінде қолдана алмай келе­міз. Құнарлы жерлердің пай­дасын толық көре алмай отырмыз. Бұл орайда, техникалық, технологиялық кедергілерді жойып, тиісті шарттар мен ережелерді уақыт сұранысына сай өз­­герт­кен абзал. Осыны ескер­сек, өнімділік 2-3 есе ар­та­ды.

Тағы бір байқағаным, еліміздің ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласының ІЖӨ-дегі үлесі аз. Қазіргі таңда шамамен 5 пайызға жуықтайды. Ал көршілес Өзбекстан, Украина елдерінде ауыл шаруашылығының үлесі жоғары. Біз ең кем дегенде 15 пайызға жет­кізуді мақсат етуіміз қажет. Сол кез­де ауылдың, ауыл халқының да әлеу­мет­тік жағдайы жақ­са­рады.

 

Айдарбек ХОДЖАНАЗАРОВ,

«Олжа Агро» ЖШС бас директоры