• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2021

Сарыағаш ауданындағы қонақ үйлердің бірінде ұйымдастырылған притон анықталды

340 рет
көрсетілді

Түркістандық полицейлер «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жеңгетайлық дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Түркістан облысының аумағында жеке адамға қарсы қылмыстың алдын алу мен анықтауға және адам саудасы жайттарының жолын кесуге бағытталған «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жеңгетайлық дерегінің жолын кесті. Тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданындағы қонақ үйлердің бірінде притон ұйымдастырып, интимдік қызмет көрсетті деген күдікпен ҚР үш азаматшасын ұстады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда.

Полицейлер бұдан бөлек, «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, қоғамдық орындарда тиісудің 10 жағдайын анықтап, олар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ үш әйел профилактикалық есепке қойылды, екі адам жеке басын анықтағанға дейін Қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері адам саудасы мен жеңгетайлыққа байланысты қылмыстар үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын еске салады.