• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Наурыз, 2021

Қызылордада «Атамекен» балалар ауылының үш тәрбиеленушісі іздестірілуде

1514 рет
көрсетілді

Жиырма бесінші наурызда түнгі уақыт 2:00 шамасында 15-16 жастағы үш қыз отбасылық үлгідегі «Атамекен балалар ауылынан» белгісіз бағытқа шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Қазір қалалық полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған үш жасөспірімді іздестіріп, облыс орталығындағы көпқабатты үйлер шатырларын, саяжайларды, қараусыз қалған баспаналар мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Олардың фотосуреттері көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.