• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Наурыз, 2021

Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды

1081 рет
көрсетілді

Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды. Бұл туралы бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бүгін, яғни, 27 наурыз күні «Жер сағаты» жаһандық акциясы аясында әлемнің мыңдаған қаласында жарық өшіріледі. Бұл акцияның мақсаты – адамдарды жер бетіндегі ресурстарға жанашырлық танытуға шақыру. Осы игі шараны қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін еліміздегі бірқатар ірі нысанның, соның ішінде Президенттің «Ақорда» резиденциясының сыртқы жарық шамдары сөндіріледі. #EarthHour», делінген хабарламада.

Осыған дейін ҚазАқпарат «Жер сағаты» ауқымды экологиялық акциясы өтетінін хабарлаған болатын.