• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Түркістанда 13 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады

166 рет
көрсетілді

Түркістан облысында өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған 13 мыңға жуық тұрғынның 10 674-і медицина қызметкері болса, 1276-ы педагог. Сондай-ақ 444 полиция қызметкері мен 75 басқада санаттағы азаматтар бар. Ал 3264 адам екінші компонентпен вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 20 емдеу мекемелерінде жүргізілуде.

Бүгінде өңірде эпидемиялық жағдай тұрақты. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 6 адамда COVID-19 індеті расталған. Тәуліктік өсім – 0.16%. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 574 400 ПТР- сынамалары алынған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың баяндауынша, соңғы тәулікте зертханаларда 2758 адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 478-і бос. Облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы, 800-дей дәріхана жұмыс істейді.

Айта кетелік, өңірде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың мінсіз қызметі арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4292 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы COVID-19  инфекциясы расталған 4445 жағдай тіркелген. Олардың 2849-да ауру симптомсыз өткен.

 

 

Түркістан облысы