• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Наурыз, 2021

Елімізде адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр

240 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл қадамдары ішкі істер органдары үшін үнемі өзекті. Себебі бұл проблема азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар министрлік басшылығының тұрақты бақылауында тұрғанын атап өткен жөн. Қазіргі кезде ішкі істер органдарының қызметкерлері аталған құқық бұзушылық бойынша 133 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық жауапкершілікке 48 адам тартылып жатыр», деді С.Әділов онлайн режімдегі брифингіде.