• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Елордада 11 мыңға жуық адам COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алды

136 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде бірінші компонент бойынша 11 мыңға жуық адам вакцинациядан өтті. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Екінші компонент үш мыңнан астам адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкерлер — 5 000-ға жуық, мұғалімдер – 2 000-ға жуық, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 000-нан астам, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1 200-ден астам, басқа топтағылар – 2 000-ға жуық. Екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ», деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді.

«Барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады», деді Тимур Мұратов.

Айта кетейік, қала тұрғындарын вакцинациялау сәуір айының ортасынан басталады. Вакцинация ең алдымен ұжымдық иммунитетке жету үшін қажет. Бұл инфекциямен күресте жақсы нәтижеге жетуге әсер етеді.