• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Атырау облысының қаржы басқармасына жаңа басшы келді

330 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен бұл лауазымды Азамат Сәлімбаев атқаратын болды.

Азамат Серікболұлы 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен экономика мамандығын алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы болып  бастады. 2008-2020 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінде эксперттен бастап басқарма басшысына дейін түрлі лауазымда жұмыс істеді. 

Былтырғы сәуірден биылғы дейін Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды. Осы  тағайындауға дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.