Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен рейтингтік Әлем кубогы кезеңінде отандық мергендер сәтті өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, стенд атудан skeet жаттығуы бойынша Зоя Кравченко күміс медаль иеленді.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, командалық сында Зоя Кравченко, Ольга Панарина және Рината Насырова финалда Үндістан спортшыларын жеңіп, алтын медаль алса, Давид Почивалов, Эдуард Ещенко мен Александр Мухамедиев командалық сында қола медаль олжалады. Ал Александр Ещенко мен Ольга Панарина аралас бәсекеде күміске қол созды.
Trap жаттығуы да біздің спортшылар үшін жүлдесіз аяқталған жоқ. Әйелдер арасындағы командалық сында Мария Дмитриенко, Сәрсенкүл Рысбекова және Айжан Досмағамбетова күміс, ерлер арасында Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды. Бұл – қазақстандық мергендердің Әлем кубогы кезеңдеріндегі ең жоғары нәтижесі.