Атырауда 6 наурызда жұмысына шығып кетіп, үйіне оралмаған 54 жастағы күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Із-түссіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Өңір полицейлері жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 12 адамды іздестірген. Жоғалғандардың тоғызы табылып, үшеуі әлі іздестіріліп жатыр.