• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Наурыз, 2021

Атырауда наурызда 95 мың ПТР-тест жүргізілді

232 рет
көрсетілді

«Қызыл аймақтағы» өңірдің бірі – Атырау облысында биылғы наурызда коронавирус инфекциясына қарсы 95 мың ПТР-тест жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтырғы наурыздан бері жүргізілген ПТР-тест саны 827 мыңға жетіп отыр.

«Қазір облыста тәулігіне 8 300 зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 15 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Бұл зертханаларда тек наурыз айында 95 мың ПТР-тест өткізілді. Наурыз айындағы орташа тәуліктік көрсеткіші 3678 тестті құрады» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.