• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2021

Балаларға арналған «Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты

301 рет
көрсетілді

«Balapan» телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балаларға арналған «Әл-Фараби» телехикаясын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2D техникасында жасалған телехикаяның жобасына әрқайсысы 8 минуттан тұратын 10 серия кірді.

Онда балалар атақты жерлесі, ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, әлемге танымал ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен оның ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Жобада ғұламаның балалық шағы, ғылымға келу жолы кеңінен суреттеледі.

- Балалардың ел тарихын білуге, сондай-ақ Әл-Фарабидің ғалым мен ағартушы ретіндегі образы арқылы бүлдіршіндердің ғылымға деген ұмтылысын оятатындай білім беретін телехикаяны жасауды мақсат көрдік, - дейді «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.

Жобаның басты мақсаты - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ғылыми білімның маңыздылығын насихаттау.

Анимациялық телехикая Нұр-сұлтан уақытымен 20:30, 23:00-де дүйсенбіден жұмаға дейін «Balapan» телеарнасында көрсетіледі.