• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Жамбыл облысында вакцина салу жалғасуда

296 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында коронавирус індетінен қорғану үшін тұрғындарға вакина егу жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «Спутник V» вакцинасының екі компонентінің 7700 дозасы келіп түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы уақытқа дейін «Спутник V» вакцинасының 1 компонентімен 7700 адам екпе алған. Оның ішінде 4562 медицина қызметкері, 1403 педагог, 44 Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаменті мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, 18 студент, 1 әлеуметтік мекеме қызметкері, 11 мемлекеттік қызметші, сондай-ақ, 1661 басқа да екпе алушылар бар.

Алғашқы егуді алған 7700 адамның 21 күннен кейін 1527-сі «Спутник V» вакцинасының 2 компонентімен екінші егуді алған. Оның ішінде 1398  медицина қызметкері, 77 педагог және 52 басқа сала қызметкерлері бар. Мәлімет бойынша, барлық егілгендерде вакцинациядан кейін реакциялар мен асқынулар болмаған. Сонымен қатар, алдағы уақытта вакцинация жүргізу –вакцинаның аймаққа түсуіне байланысты жалғасады.