• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Елорда әуежайында мас жігіт жанжал шығарды

263 рет
көрсетілді

Елорда әуежайында полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғынын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірден үш бабы бойынша жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне әуежай қызметкері телефон шалып, бір ер адамның ақпарат бюросының қасында қоғамдық тәртіпті бұзып тұрғаны туралы хабарлаған. Ол Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тексеріс жүргізген Көліктегі полицейлер тәртіп бұзушының қоғамдық орында мас күйде болғаны, дөрекілік танытып, электрондық темекі шегіп тұрғанын және өзіне жасалған ескертуге мән бермей тұрғанын анықтады. Ер адам сондай-ақ құқыққорғау органы қызметкерінің талабына бағынбады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның орташа дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлімі, 441-бабы 1-бөлімі және 667-бабы 1-бөлімі бойынша бірден үш әкімшілік материал толтырылған. Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбауға қатысты материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.