• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Видео 30 Наурыз, 2021

100 теңге үшін төбелес: Базардағы жанжалдың видеосы тарап жатыр

4505 рет
көрсетілді

Алматының «Алтын Орда» базары маңында адам айтқысыз қақтығыс болды. Жанжалдың себебі әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда айтылып, таралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Интернет кеңістігінде «Видео авторының айтуынша, 30 наурыз күні таңғы сағат 9:10-да «Алтын Орда» базарына келген кезде олардан көлік тұрақшысына ұқсайтын адам тұрақ үшін 100 теңге сұраған. Бірақ жүргізуші қолма-қол ақша болмағандықтан, Kaspi-ге аударғысы келетінін айтқан. Тұрақшы бас тартып, көліктің иесін қуып шығуға тырысқан көрінеді. Салдарынан төбелес басталған» деп келетін ақпарат таралған.

Ескерте кетейік, оқиғаның мән-жайы әлі толық анықталмаған. Ресми дерек жарияланған соң қосымша ақпарат беріледі.