• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Президент 30 Наурыз, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

180 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.