• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Қарағанды облыстық МСҚБ басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

533 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қайрат Қамзин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Амангелдіұлы Қамзин 1976 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша және 2009 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Жеке құрылымда әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының жетекші маманы болды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2007-2010 жылдар аралығында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарды. Одан кейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болған.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарды.