• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Елордалық төрт мыңнан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды

126 рет
көрсетілді

Елордада наурыз айы «Қайырымды істер» ұранымен өтті, оның аясында еріктілер қаланың мұқтаж отбасыларына азық-түлік себеттерін тапсырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Олардың әрқайсысының салмағы — шамамен 25-27 килограмм, ішінде 20-ға жуық азық-түлік пен тұрмыстық химия өнімдері бар. Оның ішінде жарма, макарон, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, қант, шай, ұн, түрлі тәттілер, балаларға арналған кәмпиттер, сондай-ақ кір жуғыш ұнтақ, сабын, сусабын бар.

Биыл Наурыз мейрамын атап өту барысында қайырымдылық акциялары мен игі істер басты назарға алынды. Мереке күндерінің өзінде әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға төрт мыңға жуық азық-түлік себеті таратылды.

Естеріңізге сала кетейік, себеттерді тарату акциясы осы жылдың наурыз айында өткізілді.

Оған мәслихат депутаттары, Halyk Bank, меценаттар, кәсіпкерлер, еріктілер, сондай-ақ қаланың тұрғындары белсене араласты.

Сонымен қатар, еріктілер мұқтаж жандардың, жалғызбасты қарт адамдардың ауласының қарын күреуге көмектесті.

Айта кету керек, акциялар қатаң санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізіледі.