Иран Ислам Республикасы Каспий теңізінде алғашқы жасанды арал құратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әзербайжанның жергілікті AРA.az сайтының мәліметінше, Арал Иранның Мазендеран провинциясындағы Ноушехр порт қаласында орналастырылады. Қазіргі уақытта құрылысқа лицензия беріліп қойған.
Осы орайда Иранның Ноушехр аймағының басшысы Али Амани теңізде арал құру үшін мемлекеттік және жеке инвесторлар тартылатынын мәлімдеді.
Алдағы уақытта жағалаудан 1 шақырым қашықтықта орналасқан аралдың ауданы 18 гектарды құрайтын болады. Аралда 300 аттракцион, 5 жұлдызды қонақүй, теңіз өнімдері мейрамханасы, ойын-сауық саябағы, спорттық-сауық орталығы, конференц-зал және басқа да нысандар бой көтереді.