СҚО ПД бастығы, полковник Марат Төлебаевтың атына Германия тұрғыны Лилия Нельденің атынан алғыс хат келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұрын ол Петропавл қаласында тұрып, 2000-шы жылға дейін М.Жұмабаев атындағы педколледжде 20 жылға жуық қызмет атқарған екен. Тек жаңа ғасырдың басында ғана тарихи отанына оралыпты.
Лидия Нельде Германияда жүріп өзінің саяси қуғын-сүргінге ұшыраған туыстарының 30-50-ші жылдардағы тағдырын білмек болып, СҚО ПД архивіне сұрау жібереді. Аты-жөндері көрсетіліп жіберілген Л.Нельде туыстарының тағдыры көрсетілген құжаттар архивтегі 5364 қылмысты істердің арасынан шығады. Саяси қуғын-сүргіндердің салдарынан сұрау берушінің бір туысы атылып, қалғандары 10 жылға сотталған екен. Осы деректерді архив қызметкерлері талмай іздеп, тауып берген. Лилия Нельде СҚО ПД бастығына жазған хатында барлық архив қызметкерлеріне, соның ішінде Эльмира Валиулинаға ерекше алғыс айтты.