• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2021

Алматы облысының тұрғындары суды несиеге алып ішіп отыр

945 рет
көрсетілді

Осыдан бес жыл бұрын Алматы облысының төрт ауылына Ұлттық қор есебінен су құбыры жүргізілген. Жобаның құны – 1 млрд 200 млн теңге.  Оның 178 миллионы Ақжазық ауылына арналған. Тек тегін емес, несиеге. Борышты бұған дейін жергілікті сумен жабдықтау ұйымы төлеп келген. Бірақ ол қарызға батқаннан кейін қарыз тұрғындарға жүктелген. Сондықтан да тарифті көтеруді ұсынған, деп хабарлайы Egemen.kz Еуразия бірінші телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, ауыз судың сапасы өте нашар. Сүзгіден өткізуге де келмейді екен. Оның үстіне жуырда ғана несиеге жасалғанын білген. ⠀«Бұл жағдай жалғаса берсе, көршілерімізбен бөлісе алмай қаламыз. Тариф өте қымбат – 174 теңге. Әкімге шағым да жаздық. Сол кезде суды 20 жылға несиеге жасағандарын білдік. Бұған дейін ешкім білмеген. Енді су бағасын 1 000 теңгеге дейін дейін көтермек. Олай болса, бізге ескі құдықтарды қайтарсын. Онда тіпті су да таза болатын», деді ауыл тұрғыны Қайрат Дулатбаев. ⠀«Біз монополияға қарсы комитетке үш ауылдағы тарифке қатысты сауал жолдадық. Ақжазық ауылында – 996 теңге, Лесновка ауылында – 918 теңге және Педжим ауылында – 446 теңге. Бұл бір текше метр судың бағасы. Ақжазық пен Лесновка ауылдарының көлемі шағын болғандықтан, мұндағы тариф те қымбат», деп түсіндірді сумен жабдықтау кәсіпорнының бас экономисі Назира Қасенқызы. ⠀«Тұрғындардан өтініш түсті. Біз оны 90 жұмыс күні ішінде қарастырамыз. Департамент әлі шешім шығарған жоқ. Бұл жерде тарифті 2021 жылдың соңына дейін көтеру туралы мәселе қаралған жоқ. Егер келесі жылы осындай ұсыныс болса, онда шешу жолдарын қарастырамыз», деп жауап берді Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім бастығы Бақтияр Бақытжанұлы. ⠀ Тілшілерінің айтуынша, сумен қамтамасыз етудің барлық жүйесі несиеге алынған. Яғни, несие төленбесе, барлық жабдық қайтарып алынады. ⠀«Жоба бюджеттік несиелеу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. 20 жыл ішінде бюджетке салынған ақшаны қайтаруға тиіспіз. Келесі жылдан бастап тұтынушылар несие төлейді деп болжанып отыр. Бірақ бұл ауылда тариф басқаларға қарағанда жоғары. Бұл мәселені қарастырамыз және болашақта шешеміз», деп уәде берді ауданның тұрғын үй-коммуналдық инспекциясы бөлімінің бастығы Арман Тазабеков.