• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Қостанай облысында 8 мыңнан астам тұрғынға вакцина салынды

225 рет
көрсетілді

Қостанай облысында вакциналау басталғалы бері 8 мыңнан астам тұрғынға екпе егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтық Коммуникациялар қызметінің өкілі: «Иммундау кезеңі басталғаннан беру жергілікті 8693 адамға вакцина егілді, соның ішінде бір компонент – 6854 адам, 2 компонент– 1839 адамға егілген. Вакцина егілген соң қолайсыз жайғдайлар тіркелген жоқ», деп айтып өтті.

Бүгінде облысқа вакцинаның 12900 дозасы келіп жетті, соның ішінде 1 компонентті дозадан – 7200, 2 компонентті дозадан – 5700 вакцина бар. Тұрғындардың барлық санаттарын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылып отыр.

Атап өтейік, 30-31 наурыз күндері Қостанай облысында COVID-19 вирусын жұқтыру оқиғаларының саны бір деңгейде (37оқиға) тұр. Тәулік ішінде ауруға шалдығу өсімінің қарқыны 0,27 пайызды құраған. Облыста былтырғы 3 сәуірден бастап биылғы 31 наурызға дейін COVID-19 вирусына шалдығудың 13821 оқиғасы тіркелген. Жазылып шыққан науқастар саны – 12293 адам.